18 Сәуiр 2019
314

Сырымда ІІ республикалық Қадыр оқулары басталды

 

Бүгін Сырым ауданында ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің туған ауылы Жымпитыда республикалық Қадыр оқулары басталды. Сырым ауданы әкімдігінің төл жобасына айналған шығармашылық шара осымен екінші мәрте өтуде.

        

Сырым аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Алтынай Сисенбаеваның айтуынша, ақын оқуларына Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Шымкент қалаларынан және Сырым ауданынан барлығы 38 оқушы қатыспақ. Олар үшін Сырым батырдың кесенесі алдынан салтанатты қарсылау ұйымдастырылды.

        

Оқушылар Қадырдың өлеңдерін жатқа оқу, өлеңдеріне арналған әндерді шырқау және ақынға арнаған өз шығармаларын оқу бойынша сынға түседі.