18 Сәуiр 2019
265

Мәслихат депутаты ауыл тұрғындарымен кездесті  

 

Бәйтерек ауданы Дариян ауылында «АСФА» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты И.Енютин ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелер бойынша қабылдады.

        

 

Қабылдауға келгендердің дені ауыл тазалығы, жиналып қалған күл-қоқыстарды шығару, даладағы полигон айналасының хал-ахуалы жайында сөз қозғады.    

        

Сондай-ақ Озерный ауылының клуб меңгерушісі А.Есмұқанов клубқа қажетті музыкалық аппараттың қажеттілігін алға тартса, аталмыш ауыл тұрғыны Р.Латыпова зейнеткер анасы А.Берекенованың ауласының айналасындағы жолдың қолайсыздығынан үйіне су кіріп, іргетасының құлап ескіруіне байланысты жөндеу қажеттілігін жеткізсе, Дариян ауылдық жастар бірлестігінің жетекшісі М.Кунуспаева бастаған бір топ жас спорттық шараға қаржылай қолдау танытқан облыстық мәслихат депутаты И.Енютинге ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта спорттық киімдерге де демеушілік танытуын өтінді.

        

Халықтың үніне құлақ түрген мәслихат депутаты И.Енютин қойылған сауалдарға орай тиісті жауаптарын беріп, мәселенің мәнісін анықтап, шаруаны оңтайлы шешетіндіктерін жеткізді.