18 Сәуiр 2019
276

«Astana musical» театры Сырымға келеді

Сырым ауданына 3 мамыр күні «Astana Musical» мемлекеттік театры гастрольдік сапармен келмек. Театр сырымдықтарға «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін сахналайтын болады. Көркемдік жетекшісі – жерлесіміз Асхат Маемиров. 

 

«Astana Musical» мемлекеттік театры туралы кеңірек тоқталайық. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымына қарасты «Astana Musical» Мемлекеттік театры ұлтымыздың төл мәдениетін көтеріп, рухын асқақтатып, өнерін өркендетуге қосқан сүбелі үлесі бар жас театрдың бірі. 

 

Театрдың шығармашылық құрамы 100% жастардан құралған. Құрылғанына 3-жыл болған жас театр осы күнге дейін «Қыз Жібек» мюзиклімен Берлин (Германия) –– Париж (Франция) – Вена (Австрия) -Брюссель (Бельгия) - Мәскеу (Ресей) бес мемлекетке «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үлкен гастрольдік турне жасады.     Аталмыш турне тәуелсіздік алған жылдардағы Қазақстан театрлары арасындағы ең үлкен тарихи оқиға болды.