18 Сәуiр 2019
225

Жәрмеңкеде 8 адам жұмысқа орналасты

Ақжайық ауданында кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтті.

       

Маңызды шараға аудан бойынша 21-ден астам жұмыс беруші өкіл қатысып, 39 бос орнын ұсынды.

        

Яғни, бос орындар кітапханашы, дәнекерлеуші, ағылшын, информатика пәні мұғалімдері, психолог, дәрігер, балабақша тәрбиешісі тағы да басқалары ұсынылды.

        

–Бұл шараның басты мақсаты – мамандардың кәсіби ізденісін арттырып, жұмысқа орналасыуына жағдай жасау. Әсіресе, соңғы курс студенттері өздері үшін тиімді ақпарат алады. Олар еңбек нарығындағы жағдаймен танысып, жас мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы біле алады. Сонымен қатар бұл жәрмеңке жас, талантты және бәсекеге сай мамандарды жұмысқа шақыруға мүмкіндік береді, -дейді аудан әкімінің орынбасары Тимур Шиниязов.

        

Үміткерлер қосымша сұхбатқа шақырылады. Ал бірсыпырасы үшін жұмысқа орналасатын осы күні белгілі болады. Яғни, колледж түлектері мен жұмыс іздеушілер қатарынан қатысқан 40-тан астам маманның 8-і жұмысқа қабылданатын болды.