18 Сәуiр 2019
397

Ақжайықта «Worldskills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты өтуде

Бүгін Ақжайық ауданы Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінде жастар мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттер арасында «Ауылшаруашылық машина және тракторды жөндеу слесарі» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты басталды.

 

Чемпионат БҚО білім басқармасы және мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өтуде. 

Байқауға Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі, Зеленов колледжі, Тайпақ колледжі, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі, Шыңғырлау мпн Бөкей ордасы колледжінен студенттер қатысуда. 

Ең үздік жұмысшы мамандықтарын анықтау үшін 2 күн бойы 6 сарапшы қатысушылардың орындаған тапсырмалардың сапасын бағалайтын болады. Үздік атанғандар сәуір айының соңында Орал қаласында өтетін қорытынды шарада марапатталады.