19 Сәуiр 2019
155

Бөрлі ауданының ашық лигасы өз мәресіне жетті

 

Жастар жылына орай Бөрлі ауданында наурыз айында бастау алған жастар мен ересектер арасындағы волейболдан ауданның ашық лигасы мәреге жетті.

 

 

Сайысқа қатысқан 11 команда бір ай көлемінде әдемі ойын өрнегін көрсетіп, мықтылар анықталды. Жарыстың қорытындысы бойынша І орын Жарсуат ауылдық округінің еншісіне тиді. Екінші орынды №6 мектептің командасы қанжығаласа, «Ардагер Ақсай» командасы жүлделі үштікті аяқтады.

 

Жарыс барасында Өмірзақ Атамбаев «Үздік байланыстырушы» атағын алса, «Үздік қорғаушы» атағы Марат Ергалиевке бұйырды. «Үздік ойыншыға» Руслан Мулдашев қол жеткізсе, Дидар Қажыгерей «Үздік шабуылшы» атанды.

 

Жүлдегерлер жастар ресурстық орталығының атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарысқа демеушілік танытқан «Бәйтерек» сауда үйінің басшылары Алмат Жұмабеков пен Айбек Омаровтың атынан ақшалай сыйлықтар да ұсынылды.