19 Сәуiр 2019
388

Ақжайықта «Адалдық дүкені» ашылды

 

Ақжайық аудандық кітапханалар жүйесінде сатушысы жоқ дүкен тұтынушыларға қызмет көрсете бастады. Онда көпшіліктің көзі үйренген сатушы да, автомат құрылғысы да жоқ. Аты айтып тұрғандай, «Адалдық дүкеніне» қайсы бір тауарды сатып алғысы келген адам оның ақысын арнайы жәшікке тастап кетуі тиіс. Талап осы. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.

 

 

Елімізде осындай сауда орындары ашылып жатқаны мәлім.

 

Аталмыш дүкен сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Сөреде мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан тоқыма, қолөнер бұйымдары, сонымен қатар көптеген сауда орындарындағы секілді кеңсе тауарлары, тәтті сусындар бар. Тұтынушы өзіне керек затты алып, арнайы кассаға ақшасын қалдырып, қажет болса қайтарым ақшасын ала алады. Осылайша, бұл жер тұрғындардың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Ерекше дүкенге алғашқы келушілер өздеріне қажет тауарларды сатып алып та үлгерді.

 

Алдағы уақытта осындай дүкендер аудан орталығының ірі нысандарында, барлық ауылдық округте ашылмақ.