22 Сәуiр 2019
406

Шыңғырлаулық мұғалім бас жүлдені жеңіп алды

 

Жуырда «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі -2019» республикалық байқауы өтіп, Шыңғырлау ауданындағы А.Тихоненко атындағы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абзал Наурызбаев бас жүлдені жеңіп алды.

 

 

Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 46 мұғалімнің арасынан әр кезеңнен сүрінбей өтіп, өзінің теориялық және практикалық жұмысының нәтижесінде ең үздік деп танылған Абзал 350 000 мың теңгенің сертификатына ие болды.

 

Жас маманды аудан әкімі А.Есалиев құттықтады. Аудан басшысы ұстазға келешекте де тұғырдан таймай, әрдайым жетістікке жетуіне тілектес екендігін жеткізді.