22 Сәуiр 2019
407

Мешіт жамағаты арасында футболдан жарыс өтті

 

Мешіт жамағаты арасында аяқ доптан Бөрлі ауданының ІІ ашық біріншілігі ұйымдастырылды.

 

 

Ойынға Ақжайық, Бәйтерек, Жаңақала, Қазталов, Подстепный, Теректі, Шыңғырлау, Ақсай мешіттері командалары қатысты.

 

Алғашқы кезеңде командалар жеребе тартып, олимпиадалық жүйемен ойнады. Жеңіп шыққандар келесі анықталған командамен ойын жалғастырды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынға Жаңақала ауданының командасы лайық деп танылса, екінші орынды Бәйтерек ауданы, ал үшінші орынды Ақжайық ауданының командасы қанжығаға байлады.

 

Жарыста Ерсұлтан Каналиев (Жаңақала ауданы) «Үздік ойыншы», Қайрат Нагибов (Ақжайық ауданы) «Үздік шабуылшы», Азат Нурмуханов (Бәйтерек ауданы) «Үздік қорғаушы», Қайрат Мергенев (Бәйтерек ауданы) «Үздік қақпашы» аталымымен марапатталды.