20 Сәуiр 2019
213

Сырымда бір күнде 3052 көшет отырғызылды

 

«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы аясында Сырым ауданында 3052 көшет отырғызылды, деп мәлімет береді Сырым аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейрам Қайырғалиев.

 

 

Акция ауданның орталығы мен ауылдық округтерде қатар өтті.  Жымпитыдағы орталық алаңдар мен саябақтарға қара ағаш, үйеңкі және көк теректің 800 көшеті отырғызылды. Ауыл тұрғындары және әріптестерімен бірге Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев те өзінің атаулы ағашын екті. Ағаш егу акциясы болып жатқанда, бір топ мекеме қызметкері бүгін Өлеңті өзенінің жағалауын тазалады.