23 Сәуiр 2019
386

Сырым ауданында дзюдодан турнир басталды

 

Бүгін Сырым ауданында «Nur Otan» партиясының 20 жылдығы мен ҚР мәслихатының 25 жылдығына арналған дзюдо күресінен 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир басталды.

 

 

Турнирге Сырым ауданының ауылдық округтерінен бөлек, Қаратөбе, Теректі, Атырау облысының Қызылқоға ауданы және Орал қаласынан жас дзюдошылар қатысуда.

 

Турнирдің салтанатты ашылуы шарасында Сырым ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Төлеген Төреғалиев, Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева сөз сөйледі.  Олар өзінің сөзінде, еліміздің бас партиясының Қазақстандағы сауатты қоғам мен келісімді қамтамасыз етудегі еңбегін, мәслихаттардың халықтың демократиялық құралына айналғандығын атап өтті.

Жымпитыдағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінде өтіп жатқан турнир күн аяғында аяқталады.