23 Сәуiр 2019
565

Алғабаста мұнай өңдеу зауыты салынуда

 

Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов пен «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ БҚО бойынша филиалының директоры Н.Каиршин Алғабас ауылындағы мұнай өңдеу зауыты құрылысымен танысты.

 

 

Темір жол бойындағы Алғабас ауылы маңы қазір қызу қарбаласта. Биыл зауыт құрылысына «АВС МҰНАЙ» ЖШС 30 млн. АҚШ долларын бөлген. Зауыт алаңына дейін темір жол тармағы тартылып жатыр. Жұмыс басында 50-ден астам техника бар. Қасынан әкімшілік ғимараты, жұмысшыларға арналған жатақхана, асхана салынбақ.

 

Қазірдің өзінде мұнай өңдеу зауытын салуға 100-ден аса адам жұмылған.