23 Сәуiр 2019
417

Олимпиада жүлдегерін құттықтады

 

Бөрлі ауданы әкімі Санжар Әлиев республикалық олимпиададан жүлдемен оралған, Ақсай қаласындағы №6 мектептің 9-сынып оқушысы Алина Шалобаевамен кездесті.

 

 

Айта кетейік, осы айда Ақтөбе қаласындағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткен болатын. Олимпиадаға еліміздің әр өңірінен 1 мыңға жуық оқушы қатысқан. Білім додасында Алина география пәнінен қатысып, III орынға ие болды.

 

Кездесу барысында Санжар Жұматайұлы:

 

«Білім жолындағы олимпиада адамның білімін шыңдап, бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сондай-ақ баланың дарынын ашып, республикалық деңгейде болашағына, ЖОО-ға түсуіне жол ашатын бірден-бір мүмкіндік»,- деді.

 

Алина да емен-жарқын әңгімелесіп, географияға деген қызығушылығын, сондай-ақ, шетелге саяхат жасап, танымын кеңейіткісі келетінін айтты.

 

Жетекшісі Айсұлу Хасанова Алинаның талабы мен ынтасына сүйсінсе, анасы: «ана үшін баланың кішкентай жетістігінің өзі зор қуаныш»,- деді.

 

Кездесу соңында аудан әкімі Алинаны құттықтап, сәттілік тілеп, естелік сыйлық ұсынды.