24 Сәуiр 2019
501

"Қазақстан барысы" турнирінің іріктеу кезеңі өтті

 

Бәйтерек аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен ересектер арасында "Қазақстан барысы" турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.

 

 

"Қазақстан барысы" турнирінің аудандық іріктеу кезеңіне Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаров, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов, аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков құрметті қонақ ретінде қатысты.

 

Турнирді ашқан аудан басшысы Асхат Шахаров жарыстың маңызына тоқталып, қатысушы балуандарға сәттілік тіледі.

 

- Елімізде ұлттық спорт түрлерін насихаттау бойынша жұмыстар жүргізіліп, жоба іске асуда. "Қазақстан барысы" турнирі кеңінен насихатталып, ұлтық спорт бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді. Біздің балуандарымыз Ақжайық спортын дамытып, айбынымызды асқақтата берсін! Ұлттық күрестің мәртебесі биік болсын!-деді аудан басшысы Асхат Берлешұлы өз сөзінде.

 

Іріктеу жарысында ауданымыздың 14 ауылдық округінен келген 20 балуан боз кілемде бақ сынасты.

 

Турнир қорытындысында Ерлан Мұсағалиев "Бәйтерек барысы" атанып, бас жүлдені жеңіп алса, Бегайдар Меңдешов (Трекин ауылдық округі) ІІ, Нарбан Тайыр (Январцев ауылдық округі) ІІІ орынды иеленді.

 

Бағы мен бабы қатар шауып, айбыны асқақтап "Бәйтерек барысы" атанған Ерлан Мұсағалиевті аудан әкімі Асхат Шахаров марапаттады.