30 Сәуiр 2019
163

Бәйтеректе көпшілік жүгіру марафоны өтті

 

Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылында жүгіру марафоны өтті.

 

 

- Бүгінгі марафон 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекелеріне арналды. Салауатты өмір салтын ұстанып, шараға белсене қатысқан баршаңызға аудан әкімі мен өз атымнан алғыс білдіремін. Елімізде спортты жанына серік еткен азаматтар көп болғай, - деді аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков.

 

-Шара барысында марафонға белсене қатысқандар бағалы сыйлық және алғыс хатпен марапатталды.

 

- Марафон – елді біріктіретін, спорт сүйер қауым тағатсыздана күтетін шара. Көктемнің шырайлы күндерінің бірінде өткен спорттық шара - достық, бірлік, ынтымаққа бастар жол,- деді аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Ысмағұлов.