30 Сәуiр 2019
214

Лекер су станциясынан Қазталовқа қосымша құбыр тартылуда

 

Қазталов ауданында Лекер бірінші су көтергіш станциясынан Қазталов ауылына дейін қосымша су құбырының құрылыс жұмыстары атқарылуда.

 

 

Құрылыс жұмысының мердігері - «Қалдығайты» ЖШС. Жобаның құны 124 млн. 963 мың 872,3 теңгені құрап, қаржы облыстық бюджеттен бөлінді. Қазіргі күнде 14 шақырым құрылыс монтаж жұмысының 6 шақырымы қазылған. Бұл іс маусым айында аяқталады деп күтілуде.