30 Сәуiр 2019
202

Қос ауыл «Ақбұлақ» игілігін көреді

 

2017-2018 жылдары «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Ақбұлақ» бағыты аясында Қазталов ауданының 13 елді мекенінде жұмыс іске асқан болатын. Оған 2 млрд. 318 млн. теңге жұмсалды.

 

 

Биыл да «Ақбұлақпен» Көктерек, Қарасу ауылдарын таза сумен қамту үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

 

Бүгін аудан әкімі Абат Шыныбеков аталмыш ауылдарда болып, жұмыс барысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездескен аудан басшысы біраз тапсырма жүктеді.

 

Көктерек ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жұмысын «БатысГазСтрой» ЖШС атқаруда. Мердігер былтыр да аудандағы ауыз сумен қамту жұмысын сапалы атқарған болатын. Көктеректегі құрылыс-монтаж жұмысы  – 195 млн. 328 теңгені құрап отыр.

 

Ал Қарасу ауылының сумен жабдықтау жүйесінің жұмысымен ауданға жақсы таныс «Жолаушы Жол» ЖШС айналысуда. Ол үшін – 193 млн. 705 мың 251,04 мың. Теңге бөлінген.

 

Айта кетейік, қайта құру жұмыстары республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған.