02 Мамыр 2019
190

Қазталовтың барысы анықталды

 

Қазталовта қазақ күресінен «Қазақстан барысының» аудандық іріктеу турнирі өтті.

 

 

Апайтөстер белдесуіне 12 ауылдық округтен 56 білекті балуан келіп, бақ сынады. Байрақты бәсекенің ашылуында аудан əкімінің орынбасары Зəйлім Мəжитова сөз алып, сәттілік тіледі.

 

Алыспай беріспейтін мықтылар белдесуінде бабы келіскен ақпәтерлік Ерназар Хамзин «Бәйтерек барыс» атанса, жалпақталдық Жасталап Мақсотов екінші, ал Асылхан Өтебаев үшінші орын иеленді. Ал 60 келі салмақ дәрежесінде І орынды Д.Ұзақбаев, ІІ орынды С.Лұқпанов, ІІІ орынды Е.Меңдігерей мен Е.Ерсайынов, 70 келі салмақта Ж.Мендешов І орын, Б.Ғаллашов ІІ орын, А.Орынғалиев пен А.Ғабдулкаримов ІІІ орынды иеленсе, 80 келі салмақ дәрежесінде І орын Е.Хамзин, ІІ орын Ж.Маусымов, ІІІ орынды Д.Өтепов пен М.Шамғонов қанағат тұтты.