02 Мамыр 2019
436

Ниязбек облыстық кезеңге жолдама алды

 

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» турнирінің Жәнібек аудандық іріктеу кезеңі өтті.

 

 

Байрақты бәсекеге Айдос Үмбетәлиев, Нұртілек Мизамбаев, Рауан Болатов, Нұржан Есімов, Асылхан Кудияров, Ниязбек Оңайәлиев, Серік Самодиянов, Мейрамбек Дошимов, Дулат Рахатов, Тұрарбек Өтенғалиев, Мағжан Карин, Жансерік Қалмияров сынды палуандар қатысып бақтарын сынады.

 

Оларға аудан әкімі Азамат Сафималиев сәттілік тіледі.

 

Жарыс барысында қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан Ниязбек Оңайәлиев аудандық кезеңнің жеңімпазы атанып, турнирдің облыстық кезеңіне жолдама алды. Ал екінші, үшінші орындарға тиісінше Нұртілек Мизамбаев пен Мейрамбек Дошимов ие болса, Дулат Рахатовқа «Көрермен көзайымы» аталымы бұйырды.

 

 

суреттерді түсірген Асылжан Тұяқов