04 Мамыр 2019
67

Мұхит атындағы мектепте Шолпан Қыдырниязованың атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті ашылды

 

Бүгін Қаратөбе ауданында ақын, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шолпан Қыдырниязованың 70 жас мерейтойына арналған шаралар басталды

 

 

Еңбек жолын аудандық "Еңбек туы" газетінен бастаған ақынның шығармашылығына арналған шара орталық алаңдағы Ғ.Құрманғалиевтің ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды.

 

 

Аудан әкімі Жанат Асантаев пен Шолпан Қыдырниязова бастаған топ ескерткіш басында жылы лебіздерін білдірді.

 

Сонымен қатар Мұхит атындағы мектепте Ш.Батырқызының атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті ашылды.

 

 

Кабинеттің лента қию рәсімін Ш.Қыдырниязова мен облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов жүргізді. Жерлестерінің ыстық ықыласына бөленген ақын өз алғысын жеткізді. Қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің ашылу салтанатында ақын Д.Мұштанова мен Мұхит атындағы мектептің директоры Г.Тналиева құттықтау сөз сөйлеп, сыйлық табыс етті.

 

Мерейтой аясындағы шаралар ақынның шығармашылығына арналған «Туған жердің тұғырында түледім» атты әдеби сазды кеш және «Айтыстың Шолпан жұлдызы» атты ақындар айтысы өтетін болады.