14 Мамыр 2019
131

Мешітке жөндеу жүргізіліп, мал сою алаңы салынды

 

Қасиетті Ораза айында жылдағы дәстүр бойынша Қаратөбе аудандық мешітінде көптеген игі шара ұйымдастырылуда.

 

 

Барша адамзат баласын мейірімге бөлейтін Рамазан айында мешіт ауласы тазаланып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Мейірім мен шапағатқа толы қасиетті айда аудандық жамағаттың атсалысуымен мешіт ауласынан мал сою алаңы салынды. Осы ретте мешітке келушілерге жағдай туғызып, шақпақ тастан жаяу жүргінші жолы төселді.

 

– Қайырымды іске қолғабыс еткен аудан басшысы Жаннат Асылханұлына және Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Айдос Орынбайұлына мешіт жамағаты атынан ерекше алғыс білдіремін.

 

Бұл – қасиетті Рамазан айында жамағатқа жасалып жатқан үлкен сый деп білеміз. Алланың үйіне ел ағаларының, елдің тізгінін ұстап жүрген азаматтардың дәстүрлі дінімізге, мешітке деген жанашырлығы Алла алдында да, қоғам алдында да сауапты іс болары сөзсіз,- дейді аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев.