15 Мамыр 2019
254

Ауыл кіреберісіне белгі орнатты

 

Қаратөбе ауданы Саралжын ауылдық округінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мұхит ауылының кіреберісіне елді мекен атауы жазылған белгі орнатылды.

 

 

Жобаның ашылуында Саралжын ауылдық округінің әкімі Жасұлан Ермеғалиев туған жерінің көркеюіне атсалысып, белгі орнатқан «Бесотар» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жетекшісі Мағжан Сайновқа алғыс білдірді.

 

Құны 250 мың теңгені құраған жоба «Туған жер» бағдарламасы аясында Саралжында іске асқан бесінші жоба.

 

Айта кету керек, елжанды азаматтардың арқасында бұл округте былтыр төрт жоба іске асты.