15 Мамыр 2019
291

Достықта жазғы спорт алаңы ашылды

 

Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылдық округінің орталығында жазғы спорт алаңы ашылды.

 

 

Бұқаралық спортты дамыту, ауыл балалары мен жастардың бос уақыттарын мағыналы да мазмұнды тиімді ұйымдастыру мақсатында салынған нысан мемлекеттік «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында іске асты.

 

«Street workout», балалар ойын алаңы, шағын футбол, волейбол, баскетбол ойын алаңдарын қамтитын нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Асхат Шахаров қатысып, жас спортшылар мен балғындарға сәттілік тіледі.