15 Мамыр 2019
154

Ақжайықта каскадтық әдіспен семинар өткізілді

 

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы, Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының бірлесе өткізумен Ақжайық ауданында оқыту семинары болды.

 

 

«Қазақстан Республикасы Президентін сайлауды өткізуде сайлау комиссиясының сайлау үрдісінің құқықтық үрдісі мен ұйымдастыру жұмысы» бойынша аудан аумағында орналасқан учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне өтті.

 

Аталмыш семинардың мақсаты – ҚР Президентін сайлауда сайлау заңнамасы негіздері мен қолдану тәжірибесін білу, учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру.

 

Білім беру формалары мен әдістері, интерактивті дәрістер, тәжірибелік сабақтар, презентациялар, кейстармен арнайы тест сұрақтарын талдау, рөлдік ойындардан тұрған 8 сағаттық семинарды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері каскадтық әдіске сай ұйымдастырды.

 

Аталмыш семинарға ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының маманы Райхан Төлеубергенова қатысты.

 

Ауданда орналасқан 47 учаскенің барлығын қамтыған оқыту семинары соңында Р.Төлеубергенова аталмыш филиалдың директоры Ж.Даухарин мен облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапаковтың атынан оқуға қатысқан учаскелік сайлау комиссиясының 150 мүшесіне «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша семинар бағдарламасын нәтижелі аяқтағыны жөнінде сертификаттар табыстады, - дейді Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Абзал Мүтиғоллинов.