15 Мамыр 2019
162

Өнегелі шаңырақ иелерімен кездесті

 

Бүгін 15 мамыр Халықаралық Отбасы күні қарсаңында Сырым адуаны Жымпиты ауылдық округінің әкімі Арман Баяндықов ел ішінде абырой-беделі бар, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп отырған үлгілі отбасыларды қабылдады.

 

 

Кездесу дастарқан басында өтіп, оған шаңырақ көтергендеріне елу жыл болған Сүйінғали Дауылов пен қосағы Балқия Бақтығалиева, Ахмет Батыршин мен Дариға Қонақбаева, Ержан Чукуровтың анасы Клара келіні Гүлім Жантуринамен болды.

 

Арман Толқынұлы қонақтарды мейраммен құттықтап, отбасы құндылықтарын сақтау, жас отбасылардың беріктігі азайып бара жатқаны, оларға үлгі боларлықтай отбасы екендерін айтты.

 

Кездесуде әр отбасы өзіндік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасы институтын нығайту жөнінде ойларын ортаға салды. Үлгілі отбасылармен кездесу бастамасын қабылдауда болғандар қолдап, кең көлемде өткізу туралы ұсыныс білдірді.

 

Шара соңында А.Баяндықов шаңырақ иелеріне бала тәрбиесінде жеткен жетістіктері мен өнегелі отбасының үлгісін көрсеткені үшін алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.