17 Мамыр 2019
129

Бәйтеректе «Таза жағалау» акциясы өтті

 

Бүгін Бәйтерек ауданы Переметный ауылында «Таза жағалау» акциясы өтті. Оған аудандағы бөлімдер мен мекеме қызметкерлері қатысып, Деркөл өзенінің жағасын тазартты. 


-Акция Зеленый, Егіндібұлақ ауылдық округіне шыға берістегі көпірден басталды. Аталған көпірдің оң және сол жақ бөлігін тазалауға 80-нен астам адам қатысты. Екі көлік қоқыс шығарылды, - дейді ауылдық округ әкімінің орынбасары Айбар Жаңабаев.

Жалпы ауданда тазалық айлығы кезінде 4 360 тал-терек отырғызылып, 350 тонна қоқыс шығарылды. Аталған жұмыстарды атқаруға 8 500 адам қатысты.