20 Мамыр 2019
282

Түлектер ойын алаңын салып берді

 

Қазталов ауданындағы қараөзендік азаматтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау білдіріп, ауылдың көркеюіне үлестерін қосуда. Жас мектебін осыдан 25 жыл бітірген түлектер мектеп ауласына балалар ойын жасауды жөн көрген.


Оларға ауылдың бүлдіршіндері дән риза. Алаңға құм төселіп, сырғанақ пен орындықтар қойылды.


-Туған жеріне игі іс жасауда Қараөзен ауылдық округінің азаматтары белсенділік танытып отыр. Округтің өзінде мамыр айында 1млн. 690 мың теңгенің жұмысы атқарылды. Қараөзен мектеп лицейін осыдан 10, 20 жыл бұрын бітірген түлектер ауылға спорттық гимнастикалық алаң мен «Менің жүрегім - Қараөзен» композициясын салып берді. Ал 40 жыл бұрынғы түлектер Қараөзен мектеп лицейінің ғимаратына электронды таблоны сыйға тартты. Осындай игі істе ауылдық округіне қарасты Жас ауылы да тыс қалған жоқ. Негізгі мектепті 25, 10 жыл бұрын бітірген түлектер балалар ойын алаңы мен «Менің жүрегім - Жас» атты композицияны ауылға тарту етті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау білдірген ауыл азаматтарына алғысымды айтамын,-дейді ауыл әкімі Мұрат Рахметуллин.