21 Мамыр 2019
229

Жымпитыда тау туризмі үйірмесі үшін жасанды жартас орнатылды

 

Бүгін Сырым ауданындағы мәдени-спорт кешенінің ғимаратына жасанды жартас орнатылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Жас туристер станциясы» мекемесінің басшысы Зәмзәгүл Ерғазиева.


Бұл нысанда енді тау туризмі үйірмесінің оқушылары жаттығатын болады.


Тау туризмі бойынша ауданға жаттығу базасының қажеттілігі бүгінге дейін туризм саласының педагогтары тарапынан айтылып жүрген болатын. Осы мәселе Сырым ауданы әкімдігінің қолдауымен шешілді.


Айта кетейік, станция жанындағы тау туризмі үйірмесіне 44 бала қатысады.