21 Мамыр 2019
202

Шыңғырлауда New Art аймақтық жас аспапшылар фестивалі өтті

 

Бүгін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шыңғырлау аудандық балалар саз мектебінің ұйымдастыруымен New Art аймақтық жас аспапшылар фестивалі өтті.


Фестивальге ауылдық округтерден 72 өнерпаз қатысты. Домбыра, қобыз, фортепиано аспаптарында түрлі шығармалар орындап, өнерлерін көрсетті.


-Мақсатымыз қандай аспапта болсада өнер көрсете алатын өнерпаздарды халыққа кеңінен насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру,- дейді саз мектебінің директоры Гүлжамал Жұмағазиева.


Фестивальге қатысушыларға дипломдар табысталды.