22 Мамыр 2019
446

Жымпитыда «Жас дарын – 2019» шеруі өтті

 

Сырым аудандық Мәдениет үйінде «Жас дарын – 2019» шеруі өтті.


Фойеде білім, өнер, спорт саласында жетістіктерге ие болған оқушылардың марапатынан көрме ұйымдастырылды.


Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов республикалық пән олимпиадасынан жүлде алған, ғылыми жобалар байқауының, республикалық турнирдің жүлдегер оқушыларын марапаттады.


«Үздіктер мектебі» жылжымалы кубогін Қ.Мырзалиев атындағы мектебі иеленді. Шарада Үлгілі «Аружан», «Айналайын» би ансамблінің үлкен және орта тобы, «Қызғалдақ», «Айкөркем» би ансамблі, «Шаттық», «Керім-ай» би тобы марапатталды. Аудандық балалар саз мектебінің «Көктем» ансамблі, «Илигай» триосы мен Ж.Досмұхамедов атындағы мектептің «Өлеңті» жайдарман тобы дарындылар қатарында сый-сияпатқа ие болды.


Халықаралық, республикалық, облыстық додаларда топ жарған оқушыларға алғыс хат табысталды. Спорттық жарыстардың командалық, жекелеген жүлдегерлері де марапатталды.