22 Мамыр 2019
361

Алғабас мектебінің түлектері кітапханаға жиһаз алып берді

 

Сырым ауданы М.Қаналиев атындағы Алғабас мектебінің 1999 жылғы түлектері 20 жылдық мерейтойларына орай мектеп кітапханасын толықтай жаңа жиһаздармен қамтамасыз етті, деп хабарлайды аталған мектептің директоры Сәлмен Ибрагимов.


Ауылдың 1982 жылы дүниеге келген азаматтары мен азаматшалары мектеп кітапханасына қажетті жиһаздың барлығын арнайы тапсырыспен жасатыпты. Кейін ауылға тасымалдап, өздері құрып, орнатып берген. Құны 300 мың теңгені құрайтын кітап сөрелері мен кітап көрмесіне арналған қабырға сөрелері енді біраз уақыт мектептің игілігіне жарайды.


Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы кейінгі уақытта жиналыстардың жай тақырыбына емес, нақты істердің себепкеріне айналуда. Алғабас мектебінің түлектері сөзімізге анық дәлел болып отыр.