27 Мамыр 2019
260

Жалпақталда «Жалын» жастар коворкингі ашылды

 

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылына келген меймандар ақын Ақұштап Бақтыгереева, ақынның жары Ғабдырахим Жаңбырбаев, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев, ақындар Есенғали Раушанов, Ғайсағали Сейтақ, жазушы Қойшыбек Мүбәрәк, жас ақын Аслан Тілеген «Жалын» жастар коворкингінің ашылу салтанатына қатысты.

 

 

«Жастар жылының» аясында жұмысын бастаған коворкинг жұмысына аудан әкімі Абат Шыныбеков сәттілік тілеп, жастарға қашанда қолдау болатынын атап өтті.

 

-Орталықта жастар кездесу, семинар, конференциялар өткізе алады. Осында түрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге, кеңес алуға, идеялар талқылауға болады. Жастарға өзін-өзі жетілдіру үшін, үлкен мүмкіндіктер береді. Еліміздің болашағы жастар. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы «Жастар еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттігінің негізгі факторы. Еліміздің болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш жігерлеріңізбен сезімдеріңізге байланысты»,-деп атап өткен болатын. Осы орайда «Жастар жылында» аудан мен ауыл жастары бас қосатын коворкинг ашылды,-деді аудан әкімі Абат Шыныбеков. Коворкингтің ашылу салтанатында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Есенғали Раушанов игі тілектерін білдірді.

 

«Жалын» жастар коворкингінің лентасын Ақұштап Бақтыгереева мен республикалық, облыстық «Әбіш оқулары» байқауының жүлдегері, облыстық «Ақұштап оқулары - 2019» байқауының І орын иегері, «Мұқағали оқуларының» жеңімпазы Аслан Исмағұлов қиды.