27 Мамыр 2019
250

Түлектер уәдесін орындады

 

Жерлестер форумының отырысында Сырым ауданы Қосарал ауылының 1979 жылғы мектеп түлектері мәдениет үйінің ауласына жазғы сахна салып беруге берік уәде етіп, ауыл әкімі Салауат Сапаұлымен «Ынтымақтастық меморандумына» қол қойған еді.

 

 

Уәде орындалды. Олардың мектеп бітіргендеріне биыл 40 жыл.

Мерейлі күні жазғы сахнаның тұсау кесер рәсімі өтті. Ауыл әкімі Салауат Сапаұлы ауыл тұрғындары атынан алғысхат табыстады. Киелі сахнаның төрінде ауыл талантары ән айтып, би билеп, өлең оқыды.