27 Мамыр 2019
328

Ақұштап Бақтыгерееваның 75 жылдығына әдеби-сазды кеш арналды

 

Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығында «Ақ Жайық, Ақ ана, Ақшағала, Ақұштап» атты әдеби-сазды кешпен түйінделді. Шараға меймандармен қатар ақынның өмірлік серігі Ғабдырахим Маралұлы, өлеңсүйер тұрғындар қатысты.

 

 

         Еңбек ардагері, ақын Тілес Жазықбай Ақұштап Бақтыгерееваның әр жылдарда жазылған түрлі тақырыптағы жыр-өлеңдеріне талдау жасады. Өлеңнің мән-маңызын, идеясын ашып көрсеткен оның баяндамасы сәтті шықты.

 

         –Бүгін Ақжайықта қазақ жырының мерекесі. Қазақ жыры жер-жерге тарап кеткелі қашан. Осы өнеріміздің негізін салушыларды дөп басып айта алмасақ та, жалғастырушыларды жақсы білеміз. Сол жалғастырушылардың ішінде дара келе жатқан Ақұштап апамды 75 жасымен шын жүректен құттықтаймын! Жазушылар Одағының хатшысы, апаның інісі, шәкірті ретінде екі мәселеге тоқталғым келеді. Біріншіден, Ақұштап Бақтыгереева - ана ақын. Қазақ поэзиясында әйел ақындар жетерлік. Бірақ, қазақ көркемөнеріндегі ана ақынның бейнесін сомдап келе жатқан, өнер мен өмірді ұштастыра білген апамызға бас иеміз. Екіншіден, оның туған жерге деген махаббаты ерекше. Ақұштап дегенде, қай оқырманның болмасын көзіне бірінші Ақ Жайық өзені елестейді. Ақұштап пен Ақ Жайық егіз ұғым. Өлеңдегі өлшеусіз үлесі үшін ақын апамызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ,-деді шараға қатысқан әйгілі ақын Есенғали Раушанов.

 

         –Менің 75 жасыма орай құрмет көрсетіп жатқан барша ақжайықтықтарға аналық алғысым зор. Жұбан елі боп ұл-қызың шетіңнен жыр-өлең оқып қарсы алып тұрсың. Бұл бақыт баршаңызға баянды болғай!- деген ақын Ақұштап Бақтыгереева бұл кеште көп сөйлеген жоқ. Есесіне, оның жырлары сөйледі. Анасына жазған өледерінің бір парасын, қазақ қызы, қыз тәрбиесі хақындағы жырларын төгілте оқыды. Ақынын сағынған жиналған көпшілік оған ерекше қошеметпен қол соқты.

 

 

         Ақын мерейтойына арналған аудандық көремсөз оқу шеберлері байқауының қорытындысы жарияланды. І орын Мерген мектебінің оқушысы Айсәуле Мұқадес, ІІ орын Жаңабұлақ мектебінен Оңалсын Құмарова, ІІІ орын қабыршақтылық Ақбаян Сүйеуғали мен есенсайлық Гүлім Тезекбайға бұйырды. Олар сахнадан ақынның өлеңдерін оқып, мерейгердің қолынан марапаталды.

 

         Кеш барысында өңірімізге белгілі әншілер Еркін Өтегенов, Жаңылсын Хасанова, Дархан Құлбабаев, аудан мәдениет қызметкерлері Әнуар, Венера Нұрғалиевтер, Асылан Бақтығалиев, Азамат Базаровтар ақынның сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Жіберілген хат», Рахат Мәдіраевтың «Ғашықпысың, шағала», Ілия Жақановтың «Оралдың ерке самалы» әндерін шырқады.

 

         Кеш барысында өңірімізге белгілі әншілер Еркін Өтегенов, Жаңылсын Хасанова, Дархан Құлбабаев, аудан мәдениет қызметкерлері Әнуар, Венера Нұрғалиевтер, Асылан Бақтығалиев, Азамат Базаровтар ақынның сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Жіберілген хат», Рахат Мәдіраевтың «Ғашықпысың, шағала», Ілия Жақановтың «Оралдың ерке самалы» әндерін шырқады.

 

 

суреттерді түсірген Нұрбек Ихсан,