09 Маусым 2019
173

Қазталов ауданындағы сайлауды 5 шетелдік бақылаушы қадағалауда

 

Қазталов ауданындағы сайлаудың әділ өтуін қадағалаушылар қатарында партиялар, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдерін қосқанда 104 және ТМД елдерінен келген 5 бақылаушы бар.

 

 

- ҚР-ның Президентіне кезектен тыс сайлауды бақылаудамыз. Қазталов ауылындағы №219 сайлау учаскесінде жағдай бір қалыпты. Сайлау тәртібі бұзылмады,- дейді ТМД бақылаушылар миссиясының өкілі, Ресейдің Саратов облысындағы Новоузенск ауданы басшысының бірінші орынбасары Александр Неверов.


Ауданда "Ақжол", "Аманат", "Абырой", "Ұлт Тағдыры", "НұрОтан," "Қазталовка" қоғамдық бірлестігінің бақылаушылары сайлаудың өту процесін бақылауда.