09 Маусым 2019
151

Азамат Сафималиев: «Сайлауға қатысу - әр адамның азаматтық борышы»

 

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев отбасымен бірге №136 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

 

 

- Бүгін елімізде үлкеннауқан өтуде. Аудан аумағында 19 сайлау учаскесі бар және сайлауға жалпы 9292 адам дауыс беруде. Барлық сайлау учаскелері заңға сәйкес жұмыстарын атқаруда. Қазіргі уақытта шамамен тұрғынның 50 пайыздан астамы дауыс берді. Сайлауға қатысу барлық қазақстандықтардың азаматтық борышы деп есептеймін, - деді аудан басшысы.

 

Айта кетейік, қазіргі сәтке дейін №136-ыншы сайлау учаскесіндегі 989 дауыс берушінің 60-70 пайызы дауыс беріп үлгерді.