09 Маусым 2019
115

Мұратсайлықтардың белсенділігі жоғары

 

Ел Президентін сайлау науқаны Мұратсай ауылдық округінде жоғары белсенділікпен  өтуде. Ел үшін ерекше маңызды күнді мұратсайлықтар жақсы көңіл-күймен қарсылағаны байқалады.

 

 

Мұратсай ауылдық округіне қарасты №57 Мұратсайсайлау учаскесі, №58 Əжен сайлау учаскесі, №59 Тайғара сайлау учаскелерінде дауыс берушілер легі қарқынды. Ауыл тұрғындары белсенділікпен өз таңдауын жасап жатыр. Мұнда да ерте келіп, белсенділік танытқандар жоғары жастағы ауыл ақсақалдары болды.