11 Маусым 2019
116

Жас түлектер көмек көрсетті

 

Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы мектептің 11-сыныбын бітіруші түлектер қаратөбелік Талшын Мұхамедиярованың үйінде болып, көмек көрсетті.

 

Мектеп бітірушілердің бастамасымен әлеуметтік жағдайы төмен Талшын әжейдің жағдайын біліп, үйін, ауласын тазалауға қол ұштарын созды.

 

Оқушылардың ата-аналары мен мұғалімдері қастарында бірге жүріп жастарға үлгі болды.

 

Әжейдің үйіне ата-аналар атынан мектеп бітірушілермен бірге барған Эльмира Байғарина:

 

– Балаларымыздың бастамасын құп алып Талшын апамыздың үйіне келіп, көмектестік. Балаларымызды жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу біздің міндетіміз. Үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйренген балалар тәрбиелі болып өспек, - дейді.

 

Көмекке барған жастар Талшын әжейге азық-түлік пен күнделікті  пайдаланатын тұрмыстық заттарды табыстады.