14 Маусым 2019
91

Жұмыспен қамту шарасы жүйле түрде іске асады

 

Бәйтерек ауданының орталығы Переметныйда аудан бойынша мәртебесі анықталған адамдарды нәтижелі жұмыспен қамту, олардың қызметін рәсімдеу және өзектендіру жөнінде жиын өтті.

 

 

 

Отырысқа БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Хангереев, БҚО еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Жеңіс Беріков, БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары бөлімінің бас маманы Жоламан Ғалиуллин, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ БҚО бойынша филиалының директоры Вячеслав Кожевников, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ернар Бекетов қатысты.

 

Жиында алдымен Самат Хангереев сөз алып, өткен жылдардағы әлеуметтік бағдарламалар бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтті. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған аймақ бойынша штаб құрылғандығы, сауалнамалар жүргізілгендігі, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жөнінде кеңінен түсінік берді.

 

Самат Нағимұлының айтуынша, былтыр «Бәйтерек ауданы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін рәсімдеу жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған жол картасы» жасақталған. Мәртебесі анықталмаған азаматтардың мәртебесін үй-үйді аралау арқылы анықтап, өзектендіру ісі атқарылу үстінде.

 

Жол картасы 2.2 тармағымен «Міндетті зейнетақы жарналарынсыз жұмыс істейтіндер» адамдарға сауалнама жүргізілді. Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқандағыны баяндады.

 

Сондай-ақ, Жеңіс Беріков тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау көрсету, жұмыскерлердің құжаттарын қадағалау, құқығын қорғау бойынша жұмыстардың үнемі бақылауда екендігін баса айтты.

 

Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ернар Бекетов ауданымыздағы жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау бағдарламасының шағын және жеке кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын, осы сала бойынша жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде даму көрсеткішінің де жоғары деңгейде екендігін атады.