17 Маусым 2019
159

Жәнібекте «Таңқалдырған адамдар» жобасы басталды

 

Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағында мәдениет үйі жастарының ұйымдастыруымен аудандық «Таңқалдырған адамдар» жобасы басталды.

 

 

Жоба 4 кезеңнен тұрады. Әр кезең сайын қатысушылар әділқазыларды таң қалдыру керек. Жас ерекшелігі жоқ сайыста әр қатысушыға төрт минут беріледі.

 

Қазылар алқасының қатарында хореограф Зәмзәгүл Мұратова, әнші Мейрамгүл Дәулетқалиева, сегіз қырлы, бір сырлы, мектеп мұғалімі Алмат Ахмулдин, жас режиссер Жайнагүл Хамматова және сөз шебері Ерсін Қанатов.

 

Іріктеу кезеңінде он бір қатысушы бақ сынап, барлығы да келесі кезеңге жолдама алды. Әдіқазылар келесі кезеңге өткен қатысушыларға тапсырмалар беріп, әрі қарай  да жұртшылықты таңқалдырады деген сенім білдірді.

 

Жоба бір ай, апта сайын аудандық мәдениет және демалыс саябағында өтеді.