17 Маусым 2019
150

Сырымдықтар облыстық спартакиаданың жеңімпазы атанды

 

Оралда үш айға созылған мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық спартакиада мəреге жетті.

 

 

Барлық аудан, Орал қаласы, облыстық департаменттерден  22 команда қатысқан мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада да Сырым ауданының мемлекеттік қызметкерлері жалпы командалық есепте І орынды жеңіп алды. 11 спорт түрінен бақ сынаған жарыста сырымдықтар 327 ұпай жинады. Ал ІІ орыннан көрінген мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері 326 ұпай, ІІІ орындағы Ақжайық ауданы 309 ұпай алды.