17 Маусым 2019
261

Жәнібекте тігін шеберханасы ашылды

 

Жәнібек ауданының орталығындағы мүмкіндігі шектеулі жандар Майра Кенжина мен Қантым Ғұмарова бірігіп тігін шеберханасын ашты.

 

 

Шеберхананың ашылу салтанатына ауылдық округ әкімдігінің, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, дербес бөлімдердің басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

 

- Майра мен Қантым апамыз өмірдің ауыртпалығын еңсеріп, еңбек сүйгіштіктерімен ерекшеленеді. «Әйел-ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген осы шығар. Аудан жұртшылығы сіздердің қолдарыңыздан шыққан бұйымдарды пайдаланып, кәделеріне жаратсын. Ең бастысы, сіздерге денсаулық, жаңа бастамаңызға сәттілік , - деді ауыл әкімі Абзал Қаратаев.

 

Бұдан соң Абзал Бақытұлы мен Майра Иманғалиқызы нысанның лентасын қиды.

 

Кәсіпкер, II топ мүгедегі Қантым Аманқызының айтуынша, тігін шеберханасы түрлі тапсырыстарды қабылдайды.

 

- Шеберханамызда түрлі бағытта, яғни жөндеу, жаңа киім үлгісін тігу қызметтерін көрсетеміз. Сондай-ақ қыз жасауына да тапсырыс аламыз. Көрпе, жастық, бұйымдарды тігеміз. Демалыс күндері де жұмыс істей береді, - деді Қантым Ғұмарова.