18 Маусым 2019
127

Қаратөбеде «Жасыл ел» жасағы жұмысын бастады

 

2004 жылы Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Жасыл ел» жобасы жыл сайын мыңдаған жастың басын қосып, жазғы мезгілде жұмыспен қамтып келеді. Ауданымызда биыл 2-ші жыл қатарынан студенттер демалыстарын тиімді өткізуде.

 

 

Биылғы маусымда аудан бойынша 60-қа жуық жас жұмысқа тартылмақ. Жастар аудан орталығының көркеюіне атсалыспақшы. Жасыл желектерді баптап, ағаштар мен гүлдерді суарады. Көгалдар мен көше бойындағы алаңдарды арам шөптерден тазартады.

 

 

Жастар жасағына еңбектері үшін жалақы да тағайындалған. Жұмыс күндері дүйсенбі мен жұма аралығына белгіленген.

 

Айта кеткен жөн, жас жұмысшыларға еңбек шарты мен жұмыс тәртібі түсіндіріліп, еңбек формасы тапсырылды. Олар бекітілген бағыт бойынша бөлініп, жұмыстарына кірісті. Жасыл елдіктер ауылды абаттандырумен ғана емес, мәдени-көпшілік шараларда ерікті ретінде де жұмыстанады.