18 Маусым 2019
192

Қазақтың Қыз Жібегі Қазталов ауданында

 

«Қыз Жібек» жырының желісімен түсірілген көркем фильм қазақ киносының алтын қорына енді. Сондағы Қыз Жібек пен Төлеген - пәк махаббат пен шынайы сезімнің дәлеліне айналғалы жарты ғасырға жуық уақыт. Келер жылы аталмыш фильмнің экранға шыққанына 50 жыл толады. Ал мына бір тіркестер сол фильмнің басты рөлін сомдаған Меруерт Өтекешоваға арнап айтылғандай. «Қазақтың Қыз Жібегі... Сұлулық пен іңкәрліктің, адалдық пен парасаттылықтың нышаны...»

 

 

Сұлулығына тәнті болып, халық әрдайым «Қыз Жібек» деп таныған әртіс Меруерт Қаратайқызы Қазталов ауданына келіп, өзімен бірге Қазақ Ұлттық өнер университетінің актер шеберлігі және режиссура кафедрасының ІІ курс студенттерін алып келді.

 

Қазақстанның халық әртісі, театр және кино майталманы Меруерт Өтекешовамен аудан әкімі Абат Шыныбеков кездесті. Кездесуде Мерует Қаратайқызы ауданға бірнеше рет ат басын тірегенін және өнерлі жастардың бар екенін тілге тиек етті. Абат Абайұлы ризашылығын жеткізіп, өңіріміздегі өнер, мәдениет саласындағы жетістіктер турасында айтты.

 

 

Айта кетейік, Мерурет Өтекешова жетекшілік ететін топ студенттері Қазталов ауданының сахнасында «Сол бір кез» атты музыкалық спектаклін ұсынады.