26 Маусым 2019
631

Раздольныйда спорт алаңы ашылды

Бəйтерек ауданының Раздольный ауылдық округінде балаларға арналған спорт алаңы ашылды.

Мемлекеттік «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асқан алаңның ашылу салтанатына аудан əкімі Асхат Шахаров, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нариман Темірғалиев, аудандық мəдени-демалыс орталығының басшысы Асылбек Ищанов жəне ауыл тұрғындары қатысты.

Спорт алаңының лентасын ауыл ақсақалы, ардагер ұстаз Қайыр Дүйсенбаев пен оқу озаты, спорт белсендісі Екатерина Малкина қиды. «Street workout», балалар ойын алаңы, шағын футбол, волейбол, баскетбол ойыны алаңдары бар нысанның ашылу салтанатында Асхат Берлешұлы алаңның маңызына тоқталды.

- Бүгінде елімізде бұқаралық спортты қолдауға бағытталған жан-жақты бағдарламалар жүргізілуде. Бүлдіршіндеріміздің бақытты болашағы еліміз үшін маңызды. Келешек жас ұрпақ елдің тірегі екендігін ұмытпайық,- деді аудан əкімі.