26 Маусым 2019
34

Ақжайық ауданының əкімі журналистерге қошемет көрсетті

Ақжайық ауданының əкімі Қалияр Айтмұхамбетов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай «Жайық таңы» газетінің шығармашылық ұжымын, ардагерлер журналистерді, басылымның бір топ қоғамдық тілшісімен кездесті.

Жүздесуде Қ.Айтмұхамбетов аталған күнмен қалам иелерін құттықтап, оларға игі лебізін арнады. - Қоғамның маңызды бөлшегі ретінде билік органдары мен азаматтар арасындағы дəнекер қызметін атқарып, ауыл-еліміздің барлық жетістіктеріне лайықты үлес қосудасыздар. Өзгерістері мол дəуірде əрине, ешкімге оңай емес. Сіздер үшін де солай. Қиындығы, өзіндік ерекшелігі сан-қырлы журналистикадағы еңбектеріңізді бағалаймыз, құрметтейміз. Жұртымыздың мүддесі жолында əманда кəсіби шеберлік танытып, ақпарат тасқыны дəуірінде өздеріңізді танытатындарыңызға мен де сенімдімін,- деді ол. Аудандық мəслихат хатшысы Сəлімгерей Сиражев та БАҚ қызметкерлеріне ризашылығын, тілегін жеткізді. Əлеуметті ұйыстыруда, патриотизмге тəрбиелеуде медиакеңістіктің орны орасан екенін атап көрсете келіп, аудандық газеттің мемлекет саясатына қатысты іргелі тақырыптарды көтерудегі маңызы ұшан-теңіз,-деді. Емен-жарқын əңгіме барысында жер-жердегі авторлардың, жанашырлардың атына да ризашылық айтылды, жас тілшілермен жұмыспен ширата түсу керегі сөз болды. Баспасөзде бұл таңда тұрақты көтерілуге тиісті, яғни адамгершілік, имандылық, еңбекқорлық мəселелерін терең қамтуға, ауылелдің өткен тарихын жан-жақты зерделеуге байланысты толғамдар ортаға салынды. Журналистика ардагері Тілес Жазықбай бұл заманда ізденістің маңызын, онсыз БАҚ қызметкерлері қарабайырлыққа ұрынатынын айтты. Ақын Сағынтай Бисенғалиев əлеуметтік желілер көбіне көп жұртты шынайы ақпараттан адастырып отырған бұл таңда дəстүрлі басылымдар өз орнын бекем нығайтуы қажеттігін əңгімеледі. Ол əйгілі ақын жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтың келер жылғы ғасырлық мерейтойынна жан-жақты дайындықта ауданға көп салмақ түсетінін, осыған ел болып жұмылу қажеттігін кеңінен баяндады.