27 Маусым 2019
252

Бəйтерек ауданы əкімі журналистермен кездесті

Бəйтерек ауданы əкімі Асхат Шахаров «Жайық Пресс» ЖШС Бəйтерек филиалы, аудандық «Ауыл тынысы» газеті редакциясы ұжыммен кездесті.

- Құрметті тілшілер, Сіздерді бүгінгі кəсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Журналистік мамандық қашанда қоғамға қажет. Өйткені бұқара мен билікті байланыстыратын осы бұқаралық ақпарат саласының өкілдері. Болған оқиға мен əр нəрсенің мəн-жайын байыптап, халыққа жеткізу – үлкен еңбек. Тұрғындар сіздер жазған материалдар арқылы атқарылып жатқан игі істерді естіп, біледі. Бүгінде бұл сала бойынша білім алып, қызмет атқарып, биік жетістіктерге жетіп жүрген əріптестеріңіз де бар. Қоғамдағы жаңалықтарды жұртшылыққа жеткізуде қаламдарыңыз қарымды болсын! - деді Асхат Берлешұлы.

Бұдан соң аудан басшысы тілшілерге алғыс хатт табыстап, сый-сыяпаттар жасады. Сондай-ақ кездесу барысында аудандық газеттің директор-редакторы Ертай Бимұханов бүгінде баспасөз саласында атқарылып жатқан игі істерге тоқталды.

Шара соңы аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен өткен тренингке ұласты.