27 Маусым 2019
49

Мемлекеттік қызметтер жəрмеңкесі өтті

Шыңғырлау ауданында мемлекеттік органдар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жəрмеңкесін» өткізді.

Жəрмеңкеде аудан əкімі аппаратының басшысы Т.Сағынгереев, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Э.Ығылманова азаматтарды қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тындап, сұрақтарға жауап берді. Аудан тұрғындарына консультативтік-əдістемелік көмек, «электрондық үкімет» веб-порталында электрондық қызметтер, ЭЦҚ алу мүмкіндігі туралы презентациялар, оқытулар жүргізілді. Тағы бір айта кетерлігі, «Мен «электрондық үкімет» веб-порталын таңдаймын» тақырыбына эссе жазудан сайыс өтіп, электронды аңықтамалар алуды жақсы меңгерген тұрғындарға сыйлықтар табысталды. Жəрмеңкеге 70-тен аса тұрғын қатысып, оларға электрондық қызметтер берілді