27 Маусым 2019
50

Теректі ауданы əкімі журналистерді құттықтады

Теректі ауданы əкімі Əділ Жоламанов "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" қоғамдық -саяси газетінің ұжымын төл мерекелерімен құттықтады.

-"Газет-халықтың тілі, көзі һəм құлағы" деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, əрдайым елдің арасында жүріп, қарапайым халық пен жергілікті биліктің ортасында көпір атанатын сіздердің орындарыңыз ерекше. Ауданымыздың айнасы іспетті 80 жылдан астам тарихы бар "Теректі жаңалығы" газеті жерлестерімізді өзекті мақалаларымен сусындатып келеді. Бұл - ұжымның еңбегі. Төл мерекелеріңізбен құттықтап, еселі еңбектеріңіз еленсін деп тілек айтқым келеді,-деді аудан əкімі Əділ Тауфиқұлы. Газет редакторы Нұрзия Сисенбаева журналистерге назарын аударып, əрдайым қолдап отыратын аудан басшысына алғысын білдірді.

Аудан əкімі Əділ Жоламанов теректілік журналистерге Өмірзақ Озғанбай мен Көпболсын Бекмағанбеттің "Бата дарып, бақ қонсын" атты кітабын сый ретінде ұсынды.