27 Маусым 2019
168

Журналистерге құрмет көрсетті

Президенттің тапсырмасымен Үкімет «28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күні» деп бекітті. Бүгін Сырым ауданы əкімі Төлеген Төреғалиев кəсіби мерекелеріне орай «Сырым елі» газетінің ұжымы мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ақпараттық қызметкерлерін қабылдады.

Аудан əкімі бұқаралық ақпарат құралдарының бүгінде алар орнына тоқталып, журналистерді Мұрат Əуезовше халыққа ақжолтай жаңалықты сүйінші сұрап жазатын періштеге теңеді. Кəсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Аудан басшысы «Сырым елі» газетінің халық разы болған үлкен жобасы «Газеттен жасалған үй» үшін ерекше алғысын білдірді. Зейнеткерлік жасқа толған редакцияның көлік жүргізушісі Темірболат Құспановқа алғысхат табыс етті. Қалған қызметкерлерге естелік сыйлық ұсынды. Ардагер журналист, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Махмет Қажиахметов аудан əкіміне қабылдау үшін рахмет айтып, газетте жасаған жылдарынан естелікпен бөлісті. Өзі зейнетке шыққан ұжымның облыста алдыңғы қатарда қызмет жасап жатқанына разылығын білдірді.

«Сырым елі» газетінің редакторы Бауыржан Ширмединұлы редакция ұжымының алға қойған мақсаттарын айтып, редакцияға күрделі жөндеу, су өткізу, редакция ауласына оқырмандар аллеясын, қалам ұстаған қолдың композициясын қою, тағы басқаларды жүзеге асыруда аудан басшысынан қолдау сұрады.